Университеттің белсенді студенттері Almaty International Rotary Club ұйымдастырған «Ауыл мектептеріне арналған кітаптар» әлеуметтік-қайырымдылық акциясына белсене қатысты.
Тұрақты даму мақсаттарының бірі – Сапалы білім бағыты аясында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған кітаптар жиналып, университет кітапханасынан арнайы оқулықтар жолданды. Бұл игі бастама ауыл балаларының білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың сапалы білім алуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.
Біз әрбір баланың білімге қол жеткізуі – жарқын болашақтың кепілі екеніне сенеміз. Сондықтан осы акция арқылы білім жолындағы кедергілерді азайтуға және жас ұрпақтың дамуына өз үлесімізді қосқанымызды мақтан тұтамыз.
Әр кітап – жаңа мүмкіндік. Әр оқырман – жарқын болашақ.
Акцияны ұйымдастырушыларға және қайырымдылыққа атсалысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз. Бірге игі іс жасап, білімнің нұрын шалғай ауылдарға жеткізейік!
Автор: Амантай Е. М.


