30 тамыз күні Бейімдеу апталығы аясында «Qamqor Bol» ҚҚ ұйымымен бірлесе отырып, 1-курс студенттеріне арналған кинокеш өтті
Студенттер ашық аспан астында қазақстандық «Мафия» фильмін тамашалап, жаңа таныстар тауып, керемет атмосферада уақыт өткізді.
Кеш бағдарламасында:
- Сыйлықтар ойнатылды
- Тегін тәттілер — попкорн, жүгері және Red Bull
- Фотобудка — есте қалар сәттерді естелікке қалдыру үшін
Кеш соңында фильм актерлерімен ашық микрофон ұйымдастырылып, студенттер сұрақ қойып, түсірілім барысындағы қызықты сәттермен танысты.
Бұл кеш студенттік өмірдің жарқын бастауы болды!