2023 жылдың 25-тамызда Логистика және Көлік Академиясында (ALT) темір жол көлігінің Жаһандық заманауи жүйелеріне арналған Қазақстан-Корей Форумы өтті.
Форум ALT-ның стратегиялық серіктесі – Оңтүстік Кореяның Корея Ұлттық Көлік Университетімен (KNUT) бірлесіп ұйымдастырылды.
Форумға қатысушылар – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Корея ұлттық темір жолы (KORAIL), KAZLOGISTICS, Seoul Metro (Сеул метросы), Incheon Metro (Инчхон метросы), Корея темір жолдары ғылыми-зерттеу институты (KRRI), Sejong Engineering Ltd, Алматы метросы, KNUT профессорлары және Оңтүстік Корея мен Қазақстанның көлік саласындағы көрнекті қайраткерлері.
Форум көлік саласын дамытуға, оның ішінде инженерлік мамандарды даярлауға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, инвестициялар тартуға, заманауи экспорттық саясатты құруға, инновациялық кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға ықпал ететін білім мен тәжірибе алмасудың ғылыми платформасына айналды.
Сондай-ақ, осы Форум аясында Кореяның ALT мен Ұлттық Көлік Университеті жанындағы SMART-Railway ICC(LINC 3.0) ғылыми орталығы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – ынтымақтастықтың экожүйесін құру, ұлттық және халықаралық деңгейде логистика және көліктік зерттеулер саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық жобаларды жүргізуге жәрдемдесу және олардың рәтижелерін коммерцияландыру.