Select Page

Университетіміз өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын біріктіреді, орнықты дамудың 10 мақсатын көрсететін әлеуметтік мәселелер өзекті және кез келген ұйымға әсер ететінін түсінеді. Осы бағытта ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) бағдарламасы аясында 1 қазанда «Тілдік дайындық» департаментінің сениор-лекторы Г.Н.Досжанова «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» және 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары Білім Беру Қызметкерлерінің күніне арналған студенттер арасында  тәрбие-танымдық іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара мақсаты: студенттердің қоғамдағы қарттар мәселесіне  көңіл аударту, көзқарас пен түсінік қалыптастыру. Бұл іс-шарада білім алушылар қызу пікірталасқа түсті. Пікірталасты кафедра сениор-лекторы Досжанова Г.Н. 1-2курс студенттерінің арасында өткізді.

Автор: Досжанова Г. Н.

Skip to content
Приемная комиссия