Select Page

2026 жылғы 18 ақпанда «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы кезекті Ұлттық күнді атап өтті. Бұл күні университет оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері ұлттық киім киіп, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымызды дәріптейді.

Биылғы шара қазақ халқының ежелгі «Тойбастар» дәстүріне арналды. Ертеде ұзату мен үйлену тойларында жастар суырыпсалма өлеңмен ақжарма тілектерін білдіріп, бата берген. Ал той иесі тілек айтқан жастарға арнайы сый-сияпат ұсынып, тойдың ақ ниетпен басталуына жол ашқан.

Университет қабырғасында әр сәрсенбі сайын ұлттық киім кию және салт-дәстүрді жаңғырту игі дәстүрге айналған.

Skip to content
Приемная комиссия