2022 жылдың 22 сәуірінде Логистика және көлік академиясының «Магистральдық инженерия» кафедрасында «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңі өтті.
XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға «5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының күндізгі оқу бөлімінің бакалавриатының 3-4 курс студенттері қатысты.
Бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар президент-ректор қол қойған және мөрімен бекітілген дипломдармен марапатталды.
Олимпиадаға 12 ЖОО-дан 33 студент қатысты: Satbayev University, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Логистика және көлік академиясы, Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ, «Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті», КЕАҚ Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, КЕАҚ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, КЕАҚ «Торайғыров Университеті» Павлодар қ., Еуразия технологиялық университеті, Нұр-Сұлтан, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ, «Әбылқас Сағынов атындағы ҚТУ» Қарағанды қ., Қазақ қатынас жолдары университеті.
«Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың екінші турының алынған нәтижелері негізінде орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Еркінұлы Рафхат («Логистика және көлік академиясы» АҚ) – жетекшісі т. ғ. к., профессор АЛиТ Аширбаев г. К.;
2 орын – Медведев Александр Владимирович («Торайғыров Университеті» КЕАҚ) – жетекшісі т. ғ. к., профессор Ордабаев Е. К.;
2 орын-Рысқұлбеков Нариман Әнуарұлы (Satbayev University) – жетекшісі т. ғ. д., Satbayev University профессоры Абдуллаев С. С.;
3 орын-Казезов Ринат Мауленович (Қазақ қатынас жолдары университеті) – жетекшісі т. ғ. к., доцент Бекмамбет К. М.;
3 орын – Горюнов Виталий Сергеевич («Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті»)- жетекшісі PhD (Т.ғ. к.), қауымдастырылған профессор Омаров А. Н.;
3 орын-Нуров Шахром Толибжонович («Әбылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «) – жетекшісі аға оқытушы Сұңғатоллақызы А.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда жоғары жетістіктер тілейміз!
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!