2026 жылғы 28 қаңтарда Практикалық психология күні аясында:
-
UIB психолог-түлектерімен «Өзіңді позитивке қалай баптауға болады» тақырыбында кездесу мен жедел диагностика өткізілді;
-
емтихан сессиясына дайындық бойынша тренинг «ALT Talks: емтиханға деген сенімділік — шынайы»;
-
профилактикалық тренинг «Ресурста өмір сүріңіз: негативпен қалай күресуге және өзіңізді бұзбауға болады».
Іс-шара мақсаты (ТДМ 3 — Денсаулық пен әл-ауқат): студенттер мен ПОҚ-тың психолық әл-ауқатын нығайту; мазасыздықтың алдын алу; эмоциялық қиындықтарды ерте анықтау; сессия кезеңінде тұрақтылық пен өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.
Қатысушылар: 80 адам (студенттер мен ПОҚ); 36 психолог (UIB түлектері); қауіп тобына жататын студенттер анықталған жоқ.
Іс-шараны ұйымдастырушы және қатысушы: Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна.


