Select Page

2023 жылдың 14-18 қыркүйек аралығында ALT делегациясы ҚХР-ның Шыңжаң провинциясындағы Үрімші қаласына барып қайтты. Делегация Қытай-Еуразия ЭКСПО 2023 аясында өткен Халықаралық Білім Форумына қатысты. Бұл іс-шара ALT стратегиялық серіктесі – Үрімші кәсіби университетінің (UVU) шақыруымен ұйымдастырылды.

Халықаралық Білім Форумы 2023 жылдың 15 қыркүйегінде өтті. Негізгі ұйымдастырушылардың бірі Үрімші кәсіби университеті (UVU). Форумға әлемнің 28 елінен 800-ге жуық адам жиналды. Форумның пленарлық сессиясында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Акатов Камиль Ерғалиұлы және ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы сөз сөйледі.

Сол күні түстен кейін ALT делегациясы әлемнің 12 елінен 400-ден астам адамды жинаған Кәсіптік Білім Берудегі Халықаралық Алмасу және Ынтымақтастығы жөніндегі кіші форумға қатысты. Кіші форум аясында ALT Президенті-ректоры С. Н.Әмірғалиева сөз сөйледі, сондай-ақ ALT базасында Үрімші кәсіби университетімен (UVU) бірлесіп құрылған «Жібек жолы» ғылыми шеберханасының онлайн іске қосылуы өтті.

16 қыркүйекте ALT делегациясы SAUER (Германия) компаниясының тоқыма өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығаратын зауытына барды. Бұл кәсіпорын Үрімші кәсіби университетінің (UVU) корпоративтік серіктестерінің бірі болып табылады.

17 қыркүйекте Үрімші кәсіби университеті (UVU) ALT делегациясы үшін кампус тур ұйымдастырды және делегация робототехника, тауарлар қоймасы және автомобиль диагностикасы зертханаларына, сондай-ақ студенттердің жатақханалары мен UVU асханасына барды.

Сондай-ақ, осы күні білім беру платформасын әзірлеу жөніндегі компанияға сапар ұйымдастырылды. Компания өкілдері платформаның артықшылықтарын сипаттай отырып, аталған өнімді таныстырды.

Приемная комиссия