Select Page

11 желтоқсан күні ALT University сахнасында ALT Jaidarman ойынының көптен күткен финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен шынайы күлкі сыйлаған бұл кеште бес команда өзара бақ сынасты.

Финалға жолдама алған командалар:

«Төрт төстік» (ALT), «Шевченко 97» (ALT), «ҚыздарMAN» (ALT), «Гарвард» (Қазақ спорт және туризм академиясы) және «АКТ» (Тұран университеті).

Ойын «Сәлемдесу», «Биатлон», «Ширату» кезеңдерінен тұрып, әр команда тапқырлығы мен сахналық шеберлігін көрсете білді. Қазылар алқасы командалардың өнерін ұпай қою арқылы әділ бағалады.

Қорытынды нәтиже бойынша:

ІІІ орын — «Гарвард» және «АКТ» командалары (50 000 теңгелік сертификат);

ІІ орын — «ҚыздарMAN» және «Шевченко 97» командалары (70 000 теңгелік сертификат);

І орын — «Төрт төстік» командасы (100 000 теңгелік сертификат).

Осындай жарқын жобалар студенттердің өнерін шыңдап, достық пен бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.

Skip to content
Приемная комиссия