2025-2026 оқу жылының қысқы сессия кезінде көлік құрылысы кафедрасының ALT қауымдастық профессоры Исмагулова С. О. 6В07128 – Темір жол және жол шаруашылығы (4-курс, ЖППХ-22-1к,2к топтары) білім беру бағдарламасының студенттеріне «Темір жолдарды іздестіру және жобалау» және 6В07129- Көпірлер, тоннельдер мен метрополитендер (4-курс, МТМ-22-1к топтары) білім беру бағдарламасының студенттеріне «Көпір өткелдері мен тоннельдік қиылыстарды жобалау» кейс-тапсырмасын орындаумен және қорғаумен емтихан өткізді. Кейс-емтихан барысында студенттер өз презентацияларын баяндап, сұрақтарға жазбаша-ауызша жауап берді. Кейс-емтиханда студенттер темір жолды күрделі жөндеуді жоспарлау, тоннельдік қиылыстарды жобалау бойынша өздерінің білімдерін, дағдылары мен құзыреттілігін көрсетті.


