20.06.2022-24.06.2022 ж. аралығында «Логистика және көлік академиясы» АҚ-да «ISO 9001: 2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 50001:2018 және ISO 27001:2013 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес менеджмент жүйелері. ISO 19011:2018 стандартына сәйкес ішкі аудиторларды дайындау» тақырыбында ALT профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті. Семинар қолданыстағы ALT Біріктірілген Менеджмент Жүйесін қолдау және жақсарту үшін ұйымдастырылды:
- ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар»;
- ҚР СТ ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық»;
- ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық»;
- ҚР СТ ISO 50001-2019 «Энергия менеджменті жүйесі. Қолдану бойынша талаптар және нұсқаулар».
Семинар тыңдаушыларын біліктілікті арттыру сертификаттарын алуымен құттықтаймыз және ALT БМЖ қолдау мен жақсартуда жемісті жұмыс тілейміз!