«Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының оқытушылары «EduSpace» республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығы ұйымдастырған экологиялық семинарға қатысты. Семинарды орталық директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Санат Құмарбекұлы жүргізді. Іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері жан-жақты қаралды. Семинарға қатысу БҰҰ-ның №12 «Жауапты тұтыну және өндіру» Тұрақты даму мақсатын (ТДМ 12) іске асыруға бағытталған.
Автор: Алметова Е. М.


