БҰҰ-ның №7 «Арзан әрі таза энергия» Тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру аясында «Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының оқытушысы Дина Смайылова инженерлік білім беруге арналған зияткерлік оқу-зертханалық жабдықтарды шығаратын әлемдік жетекші өндірушілердің бірі — YALONG Intelligent Equipment Group Co., Ltd. (ҚХР) компаниясына барды.
Сапар барысында ол «Электромагниттік толқындардың таралу теориясы» (ЭМТТ) және «Антенналық-фидерлік құрылғылар» (АҚҚ) пәндері бойынша заманауи оқу кешендерімен, сондай-ақ күн энергетикасы технологиялары мен зияткерлік басқару жүйелерін зерттеуге арналған жабдықтармен танысты. Дина Смайылова жабдықты пайдалану бойынша барлық теориялық және практикалық курстарды сәтті меңгеріп шықты.
Алынған білім мен практикалық тәжірибе кафедраның оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізуге, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын жаңа жабдықтармен жұмыс істеуге үйрету үшін қолданылатын болады. Бұл телекоммуникация саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді және қолжетімді, сенімді әрі экологиялық таза энергетиканы дамытуға бағытталған №7 Тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді.
Автор: Алметова Е. М.


