ALT Университеті халықаралық байланыстарды нығайту және студенттердің тілдік дағдыларын дамыту мақсатында малайзиялық серіктесі – Малайзия Мелака техникалық университетімен (UTeM) бірлесіп, «Global Online Language Learning Programme» халықаралық онлайн тіл үйрену бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда!
Қазіргі уақытта қызу жүріп жатқан бұл бірегей жоба ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 24 шілдесі аралығында 8 апта бойы жалғасады. Бағдарлама өзара тегін және тең құқылы тілдік алмасу қағидасына негізделген:
- UTeM университеті ALT Университетінің студенттеріне арналған ағылшын тілі курстарын дайындап, өткізуде.
- ALT Университеті өз кезегінде малайзиялық студенттерге арналған қазақ тілі курстарын өткізуді жоспарлап отыр.
Сабақтар аптасына екі рет – дүйсенбі және сәрсенбі күндері Нұр-Сұлтан (Алматы) уақытымен сағат 14:00-ден 15:15-ке дейін ыңғайлы онлайн форматта ұйымдастырылған. Әр сабақтың ұзақтығы 1 сағат 15 минутты құрайды, ал жалпы курс 16 сабақтан (20 академиялық сағат) тұрады.
Бұл бағдарлама студенттерімізге тілдік деңгейін көтеріп қана қоймай, Малайзияның мәдениетімен танысуға және халықаралық достар табуға тамаша мүмкіндік береді!
Автор: Сарина А. А.


