Select Page
Бүгін, 2026 жылғы 4 қараша, сәрсенбі күні, бекітілген сабақ кестесіне сәйкес сағат 9:30, 10:30 және 11:30-да СЖД-23-1 және ЖППХ-23-1 топтары үшін ALT полигонында «Теміржол жолын күтіп ұстау және жөндеу» пәні бойынша «Бағыттамалы бұрманы күтіп ұстау, ауыстыру және жөндеу» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.
Сабақты «Dosjan temir Jolu» АҚ-ның қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас ревизоры, Жаңа-Өскемен станциясының өкілі Жарылғапов Руслан Турсынғазинович өткізді.
Университетіміздің құрылтайшылары мен басшылығына осындай тамаша оқу полигонын ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз!
Автор: Жансултанова Б. М.
Skip to content
Приемная комиссия