Select Page

2026 жылдың 12 маусымы мен 16 маусымы аралығында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы ALT қауымдастырылған профессоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ляпбаева Нургуль Ибрагимовна Өзбекстанның Самарқанд қаласында Самарқанд мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Самарқанд: мәдениет, білім және тәрбие үндестігі» атты халықаралық жазғы мектептің жұмысына белсене қатысып, білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосты. Халықаралық жазғы мектеп академиялық және мәдени тәжірибе алмасудың кеңістігі болып табылады. Халықаралық жазғы мектеп жұмысына Мәскеу, Тамбов, Минск және Қарағанды қалаларынан әріптестеріміз келіп қатысып, жоғары білім мен тәрбие және мәдениетке қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Жазғы мектеп жұмысы барысында мәдениет пен білімнің үндестігі, Орталық Азия ойшылдарының еңбектеріндегі адамгершілік пени мәдениетаралық диалог принциптерінің негізгі мәселері және т.б. талқыланды.

Автор: Ляпбаева Н. И.

Skip to content
Приемная комиссия