Select Page

Алматы күніне орай ұйымдастырылған волейбол жарысында ALT университетінің намысын қорғаған  қыздар командасы II орын иеленді. Алматы күніне орай Алматы қаласының жоғары оқу орындары студенттері арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа қаладағы жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 12 команда қатысып, өзара бақ сынады. Жоғары деңгейде өткен тартысты ойындар нәтижесінде ALT университетінің  қыздар командасы жүлделі II орынға ие болды. Университет намысын қорғаған студенттеріміз жарыс барысында ұйымшылдық пен командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетіп, әр ойында өз шеберліктерін таныта білді. Жүлделі орын — студенттеріміздің табандылығы мен тынымсыз дайындығының нәтижесі. ALT университетнің командасын II орынмен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да жоғары нәтижелер мен тартысты жеңістер тілейміз!

Автор: Баянбаева Ш. С.

Skip to content
Приемная комиссия