Select Page

БҰҰ-ның №4 «Сапалы білім беру» Тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру аясында М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің білім алушылары 2026 жылғы 1–2 қазан аралығында өткен Ағылшын тілі бойынша Республикалық пәндік олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Автомобиль инженериясы және қауіпсіздігі» департаментінің АЗС-25-1 тобының студенттері Лұқпан Мақпал мен Серік Айым жүлделі 1-орынды иеленіп, I дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Студенттерді жеңіске дайындаған «Тілдік дайындық» департаментінің сениор-лекторы Г. Н. Досжанова арнайы Мақтау қағазымен марапатталды. Олимпиада ұйымдастырушылары ALT Университеті студенттерінің терең білімі мен білім ордасының жоғары академиктік деңгейін ерекше атап өтті.

Автор: Досжанова Г. Н.

Skip to content
Приемная комиссия