2026 жылғы 25 наурыз бен 1 сәуір аралығында М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің 1-курс студенттері Республикалық қашықтықтан оқыту олимпиадалар орталығы ұйымдастырған ағылшын тілінен республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің 4 студентіміз — 1-орын, ал 1 студентіміз — 2-орын иеленіп, дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз студенттерімізді атап өтейік:
-
Жамбай Аружан
-
Лұқпан Мақпал
-
Серік Айым
-
Ғылымбаев Кемел
-
Орналы Нұрайым
Республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Г.Н. Досжанова құрмет грамотасымен марапатталды. Даму орталығы ALT University студенттерінің білім деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өтіп, университетке алғыс білдірді.
Біздің ұранымыз: «Knowledge is a great power!»
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


