Select Page

2026 жылғы 25 мамырда «ҚазжолҒЗИ» АҚ филиалының стандарттау бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айдарбеков Есенбек Қыдырәліұлы «Автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар» тақырыбында «Автомобиль жолдары және аэродромдар»білім беру бағдарламасының студенттеріне дәріс өткізді. Дәріс барысында автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қолданылатын негізгі нормативтік құжаттар қаралды. Студенттер автомобиль жолдары саласындағы қызметті реттейтін нормативтік-техникалық құжаттар туралы білім алып, жол инфрақұрылымын жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын заманауи талаптармен танысты, сондай-ақ жол құрылысы саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттырды.

Автор: Дюсенгалиева Т. М.

Skip to content
Приемная комиссия