2026 жылғы 30 наурыз бен 3 сәуір және 27–30 сәуір аралығында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Алтынгүл Ахметқызы Иманбаева БҰҰ-ның №4 «Сапалы білім беру» Тұрақты даму мақсатына сәйкес, 2-курс семестрлік және триместрлік оқу жүйесінің студенттеріне арнап Алматы қаласындағы Д.А. Қонаевтың мұражай-үйіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында білім алушылар тарихи жәдігерлермен, көрнекті мемлекет және саяси қайраткердің өмірі мен қызметіне қатысты құнды мұрағаттық деректермен танысты. Студенттер қайраткердің тұлғалық болмысы мен тарихи кезеңдер туралы тың мәліметтер алып, дүниетанымдарын кеңейтті. Мұражайға жасалған бұл саяхат жастар үшін үлкен танымдық-тағлымдық және отансүйгіштік рөл атқарды.


