Select Page

23 қазан 2026ж. Еліміздегі Ұлы мереке — Республика күніне байланысты «Егемендік кепілі — Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» деген тақырыпта М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті қабырғасында әдеби-танымдық кеш болып өтті. Кешті «Тілдік даярлау» департаментінің басшысы Ф.И.Смаилова ашты. Іс-шара тәрбие жұмысы бойынша жауапты Досжанова Г.Н. ұйымдастыруымен 2 курс студенттері арасында болып өтті. Іс-шара Әнұраннан басталып, баяндама слайдтар, бейне-роликтер көрсетіліп, кеш әдеби-музыкалық монтажға жалғасты. Мақал-мәтелдер, көркем сөз оқылып, домбырамен күй орындалып, іс-шара өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі — биік, Туымыздың тұғыры — берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Автор: Досжанова Г. Н.

Skip to content
Приемная комиссия