Select Page

11.11.2026 ж. Көлік құрылысы департаментінде Тұрақты даму мақсаттарында белгіленген маңызды тақырыптардың біріне, яғни ТДМ 6 «Таза су және санитарлық тазалық» және ТДМ 14 «Теңіз экожүйелерін сақтау» тақырыбтарына арналған практикалық сабақ өткізілді, СНС23-1К тобында. Жетекшілері Мұратбек Ә.Ж.; Джексенбаев Е.К.

Оған департамент жетекшісімен мен мұғалімдері қатысты.

Біз, «Мұнай-газ құрылыстарын салу мамандары», бұл мәселеге қай жерде үлес қоса аламыз? Теңіз бен мұхитта көмірсутектердің айтарлықтай қорлары бар. Оларды өндіру үшін мұнай-газ нысандары салынып, пайдаланылады. Ал мұнда біз теңіз жобаларының әрбір кезеңінде теңіз экожүйесін сақтауға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жобалаушы инженер экологиялық талаптарды объектінің орналасатын орнын, технологиялық схемасын және жабдықтарын таңдау кезеңінен бастап ескеруі тиіс.

Қазақстан теңіз жобасын — Солтүстік Каспий жобасын және Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнын іске асырды (оператор — NCOC компаниясы). Терең суда орналасқан Қаламқас және Хазар кен орындарын игеру жобасы да жүзеге асырылуда – ЛУКОЙЛ компаниясымен.

Сондықтан әртүрлі елдердегі теңіз жобалары тәжірибесі қарастырылды:

  1. Жобалау кезіндегі экологиялық қауіпсіздік. Қазақстандағы жобалау тәжірибесі.
  2. Жобалау кезіндегі экологиялық қауіпсіздік. АҚШ-тағы жобалау тәжірибесі.
  3. Жобалау кезіндегі экологиялық қауіпсіздік. Австралиядағы жобалау тәжірибесі.
  4. Жобалау кезіндегі экологиялық қауіпсіздік. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жобалау тәжірибесі.

Автор: Муратбек А. Ж.

Skip to content
Приемная комиссия