Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім беруді» жүзеге асыру аясында «ӘҒ және АД» департамент оқытушылар Абдирайымова А.С., Қамбаркызы А., Оразалы А.Н. 1-курс студенттерімен «Almaty Museum of Arts» музейіне барды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің мәдени ой-өрісін кеңейту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және жастардың рухани-эстетикалық дамуына жағдай жасау.
Экскурсия барысында студенттер музейдің көрме залдарын аралап, заманауи өнердің түрлі бағыттарымен, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік суретшілердің шығармаларымен танысты. Музей қызметкерлері ұсынылған туындылардың тарихы, авторлардың шығармашылық идеялары мен олардың көркемдік ерекшеліктері туралы айтып берді.
Мәдени-танымдық экскурсия студенттердің білімдерін кеңейтуге, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға және заманауи өнермен танысуға мүмкіндік беріп, олардың білім беру, мәдени және рухани-эстетикалық дамуына ықпал етті.
Автор: Абдирайымова А. С.


