Select Page

2026 жылғы 17 наурыздан бастап М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті базасында «Машина жасау» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған тәжірибеге бағытталған жаңа бастама жүзеге асырылуда. «Автотранспорттық құралдар және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының сениор-лекторлары Омарова Томирис Казбековна мен Қаржаубаев А.С. жетекшілігімен 3-курс студенттері үшін Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ) кәсіпорнына тұрақты экскурсиялар ұйымдастырылды.

Нақты өндіріс әлеміне қадам Экскурсия барысында студенттер ауыр машина жасау саласындағы нақты өндіріс үдерістерімен танысады. Атап айтқанда, олар:

  • кәсіпорын құрылымын;

  • өндірістің толық технологиялық циклін;

  • металдарды өңдеудің заманауи әдістерін;

  • металл кесу жабдықтарының жұмысын;

  • өндірісті автоматтандыру және цифрландыру элементтерін зерттейді.

Студенттер өнімнің жасалу кезеңдерін – бастапқы дайындаманан дайын бұйымға дейін – өз көздерімен көріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады.

Кәсіби дағдыларды қалыптастыру Бұл экскурсиялар болашақ инженерлердің келесі құзыреттерін дамытуға ықпал етеді:

  • жүйелі инженерлік ойлау;

  • өндірістік процестерді түсіну;

  • технологиялық шешімдерді талдау;

  • нақты өндірістік ортада жұмыс істеуге дайындық.

Сонымен қатар студенттер зауыт мамандарымен тікелей байланыс орнатып, болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін тереңірек түсінеді.

Білім мен өндіріс интеграциясы Аталған бастама М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің білім беру үдерісін өндіріс саласымен ұштастыру бағытындағы маңызды қадамы болып табылады.

Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланысы Бұл жоба келесі ТДМ мақсаттарына сәйкес келеді:

  • ТДМ 4 — Сапалы білім: Студенттердің практикалық және кәсіби дағдыларын дамыту.

  • ТДМ 8 — Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

  • ТДМ 9 — Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: Өнеркәсіпке қызығушылықты арттыру және инновациялық ойлауды дамыту.

Болашақ жоспарлар Алдағы уақытта өндірістік кәсіпорындармен ынтымақтастықты кеңейту, дуалды оқыту элементтерін енгізу және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

Skip to content
Приемная комиссия