2026 жылдың 23 мамыр күні ӘГПжДТ кафедрасының оқытушылары сениор-лектор М.Д.Жумагуловтың және профессорлар Г.С.Шамшиева мен Н.И.Ляпбаеваның ұйымдастыруымен БҰҰ Тұрақты даму 3,6 мақсаттары бойынша 1 курс студенттерін тарихи-танымдық мақсатпен Алматы қаласынын 200 км шамасында орналасқан Шарын шатқалына бастап апарып келді.
Шарын шатқалы – Қазақстандағы ең ерекше табиғи жерлердің бірі. Ол өзінің таңғажайып жартастарымен, ғасырлар бойы қалыптасқан ландшафтымен және тарихи маңызымен танымал. Ғалымдар бұл аймақтың пайда болуын миллиондаған жылдар бұрын басталған геологиялық процестермен байланыстырады. Шарын шатқалының жалпы ұзындығы 154 шақырымды құрайды. Тереңдігі кей жерлерде 300 метрге дейін жетеді. Оны көбінесе «Кіші Гранд-Каньон» деп атайды. Америка Құрама Штаттарындағы әйгілі Гранд-Каньонмен салыстырғанда кіші болғанымен, әсемдігі жағынан кем түспейді. Шарын өзені – осы аймақтағы негізгі су көзі. Ол Іле өзеніне құяды және бірнеше шатқалды кесіп өтеді. Шарын шатқалы – археологтар үшін де маңызды орын. Бұл жерден ежелгі адамдардың құралдары мен қоныстары табылған.
Автор: Ляпбаева Н. И.


