Бекітілген жоспарға сәйкес 2026 жылғы 23 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Әлеуметтік ғылымдар және адамды дамыту департаментінің дене шынықтыру пәні бойынша ассистент-оқытушысы Төке Сандуғаш Талдыбекқызының ұйымдастыруымен 1-курс студенттерінің «Медеу» биік таулы мұз айдынына баруы ұйымдастырылды.
Сапар барысында студенттер таза ауада белсенді демалып, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Аталған жұмыс студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, дене белсенділігін арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар Тұрақты даму мақсатының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытын іске асыруға үлес қосты.
Автор: Төке С. Т.


