2026 жылғы 22 қыркүйекте ALT Университетінің №2 Студенттер үйінде «Суицидтік мінез-құлықтың себептері, функциялары, түрлері. Суицидтік қауіп факторлары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны ALT Университетінің Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисі БҰҰ-ның №2 «Жақсы денсаулық және амандық» Тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырды.
Спикер ретінде Алматы қаласындағы №7 емхана жанындағы Жастар денсаулық орталығының клиникалық психологы Рита Маринец сөз сөйледі. Семинарға №2 Студенттер үйінде тұратын 1-курс студенттері қатысып, эмоционалдық қиындықтардың алдын алу, қауіпсіз қарым-қатынас және уақытылы психологиялық көмек көрсету ережелерімен танысты.
Іс-шара соңында психологтар Дария Шабденова мен Нурхан Қапар студенттермен суреттік тесттер мен проективті ойындар өткізіп, өзін-өзі қолдау және рефлексия дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық жұмыстар жүргізді. Психикалық денсаулыққа қамқорлық — өзіңе және айналаңдағы адамдарға деген назардан басталады.
Автор: Қапар Нурхан


