Select Page

2025 жылғы 18 желтоқсанда М. Тынышпаев атындағы ALT университетінде ALT Talks: «Емтихандағы сенімділік — қолжетімді» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны Психикалық денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна және Nur Lab Medical Clinic клиникалық психологы Кәкімбекқызы Дина бірлесіп өткізді.

Тренингтің негізгі бағыты — емтихан сессиясына психологиялық дайындық, студенттердің күйзеліс жағдайында өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту және оқу жүктемесі кезіндегі психологиялық тұрақтылықты арттыру болды.

Тренинг барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • стресс және оның көрініс беру формалары;
  • емтихан алдындағы күйзелісті жеңудің тиімді әдістері;
  • өзіне деген сенімділікті қалыптастыру;
  • позитивті ойлау мен мотивацияны арттыру тәсілдері;
  • табыс — тұлғалық дамудың жаңа кезеңіне қадам ретінде.

Тренингтің мақсаты — білім алушылардың емтихан сессиясына психологиялық дайындығын арттыру, стрессқа төзімділігін күшейту және ішкі мотивациясын дамыту.

Іс-шара аясында білім алушылар:

  • мазасыздық деңгейін төмендету;
  • эмоциялық жағдайды басқару;
  • позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыру;
  • өзіне деген сенімділікті арттыру бойынша практикалық білім мен әдістерге ие болды.

Аталған тренинг университеттің білім алушылардың психикалық денсаулығын қолдауға және қолайлы психологиялық білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Skip to content
Приемная комиссия