Select Page

2026 жылғы 14–20 қыркүйек аралығында ALT-тың 35 студентінен тұратын топ Үрімжі кәсіптік университетінің (Urumqi Vocational University, ҚХР) базасында «Лубань шеберханасы» (Luban Workshop) білім беру платформасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Жібек жолының цифрлық интеллект саяхаты» («Silk Road Digital Intelligence Journey») атты халықаралық ғылыми-білім беру бағдарламасының екінші маусымына қатысты.

Бағдарлама халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту аясында жүзеге асырылды және төрт негізгі бағыт бойынша оқытуды қамтыды: интеллектуалды өндіріс, жасанды интеллект, қытай мәдениеті және қытай тілі. Бағдарламаның жалпы көлемі 40 академиялық сағатты құрады.

Оқыту барысында студенттер интеллектуалды өндіріс пен жасанды интеллект саласындағы заманауи технологиялар мен тәсілдермен танысып, сонымен қатар Қытайдың мәдени дәстүрлері мен тілі туралы түсінік алды, бұл олардың кәсіби және мәдениетаралық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті.

Бағдарламаны аяқтау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар қорытынды аттестаттаудан сәтті өтіп, оқу материалын меңгергенін растады. Әрбір студентке Үрімжі кәсіптік университеті берген бағдарламаны аяқтағаны туралы ресми сертификат (Certificate of Completion) табыс етілді.

Мұндай халықаралық бастамаларға қатысу ALT-тың жетекші шетелдік білім беру мекемелерімен серіктестік байланыстарды нығайтуға және жаһандық технологиялық даму жағдайында студенттердің кәсіби өсуіне жағдай жасауға деген ұмтылысын көрсетеді.

Автор: Байгулова Н. Ш.

Skip to content
Приемная комиссия