Select Page

2026 жылғы 25–26 наурыз аралығында ALT Университетінің өкілдері Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында өткен «Қазақстандық білім күндері» атты білім беру көрмесіне қатысты.

Бұл іс-шара университеттің БҰҰ-ның №4 Тұрақты даму мақсатын (Сапалы білім беру) іске асыру жолындағы маңызды қадамы болып табылады. Көрме барысында Қазақстанда білім алуға ниетті жастарға тегін кәсіби бағдар беріліп, ALT Университетінің білім беру бағдарламалары туралы толық мәлімет ұсынылды.

Шетелде тұратын отандастарымыз үшін жоғары білімге қолжетімділікті арттыру мақсатында «Қандас» квотасының шарттары мен жеңілдіктерін түсіндіруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл бастама талантты жастардың тарихи Отанында сапалы техникалық білім алуына жол ашады.

Skip to content
Приемная комиссия