2025 жылғы 22 тамызда Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 мекенжайында орналасқан ALT Университеті базасында эдвайзерлерге арналған Жазғы мектеп өтті. Іс-шара ALT Университеті мен Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.
Бағдарлама аясында Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибелі психолог мамандары шақырылып, өзекті тақырыптар ұсынылды:
- Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті– «Қақтығыстану» (психолог Биманова А.И.);
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті– «Студенттердің деструктивті мінез-құлқының маркерлері» (психолог Алминова Д.С.);
- Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті– «Кәсіби күйзелудің алдын алу» (психолог Сүлейменова А.М.).
ALT Университеті атынан іс-шараға Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахимәлиевна қатысты. Ол ТӘЖД-мен бірге Жазғы мектеп жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп, бағдарламаны модерациялады және студенттерге психологиялық қолдаудың маңыздылығына, сондай-ақ деструктивті мінез-құлық тәуекелдерін дер кезінде анықтаудың өзектілігіне ерекше тоқталды.
Жазғы мектеп барысында қатысушылар қақтығыстану, кәсіби күйзелудің алдын алу және студенттердің деструктивті мінез-құлқын уақтылы анықтау секілді өзекті мәселелерді талқылады. Эдвайзерлердің қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтілді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ЖОО арасындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ студенттерге психологиялық қолдау көрсету бойынша эдвайзерлердің құзыреттілігін арттыруға ықпал етті. ALT Университеті тәрбие және әлеуметтік жұмыс саласындағы жетекші мамандарды біріктіретін алаң ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді.