Select Page

ALT Университетінде «Түйіссіз жолда пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру бағдарламасы қорытындыланды.

Оқыту курсына «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі» РММ қызметкерлері қатысты. Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аманбай Қуаталиұлы Ибраимовтың жетекшілігімен тыңдаушылар өз білімдерін тереңдетіп, негізгі кәсіби құзыреттіліктерін дамытты.

Қатысушылар қорытынды аттестаттаудан сәтті өтіп, курсты аяқтағаны туралы ресми сертификаттар алды. Бағдарлама түлектерін құттықтаймыз және жұмыстарына табыс тілейміз!

Автор: Сеитова М. М.

Skip to content
Приемная комиссия