ALT University мен Hangzhou Mister Su International Education Limited Company халықаралық әріптестікті нығайтуда 9 қарашада ALT University басшылығы мен Қытайдың Hangzhou Mister Su International Education Limited Company білім беру компаниясының өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Келіссөздердің басты тақырыбы — Қытай азаматтарын Қазақстанға, соның ішінде біздің университетке оқуға тарту және қабылдау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту болды. Тараптар шетелдік талапкерлерге визалық және академиялық қолдау көрсету, студенттерді бейімдеу, сондай-ақ бірлескен кәсіптік бағдар беру жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Қол жеткізілген уағдаластықтар жоғары оқу орнын интернационалдандыруға және оның әлемдік білім беру нарығындағы тартымдылығын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Автор: Бегман Г. Н.


