2026 жылғы 25 маусымда Мухамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінің өкілдері Алматы қаласы Алмалы ауданында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс қолдану мәселелеріне арналған семинарға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін түсіндіру, олардың заңнама талаптарына сәйкес орналастырылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ анықталған кемшіліктердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранын қолданудың нормативтік талаптары, оларды күтіп ұстау, орналастыру, жаңарту және кәдеге жарату тәртібі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, қала аумағында жүргізілген мониторинг нәтижелері ұсынылып, мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде жиі кездесетін қателіктерге ерекше назар аударылды.
Мухамеджан Тынышпаев атындағы ALT университеті мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау – азаматтық жауапкершілік пен патриоттық мәдениеттің маңызды бөлігі екенін атап өтеді.
Автор: Шабденова Д. Р.


