12 қыркүйекте Мухамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде университеттің серіктесі — FM Online ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған білім беру шеберлік сабағы өтті.
Іс-шара оқуға түсуге дайындықтың маңызды кезеңінде тұрған және болашақ білім алу бағытын айқындап жатқан болашақ талапкерлердің басын қосты.
Шеберлік сабағының бағдарламасы мектеп оқушыларының оқуға түсуге дайындық барысында кездесетін практикaлық сұрақтары төңірегінде құрылды. Қатысушыларға ALT Университетінде білім алу мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары мен мамандықтары туралы айтылып, оқу бағытын таңдауға қалай саналы түрде келуге болатыны түсіндірілді.
Бағдарламаның ерекше бөлігі ҰБТ-ға дайындық мәселесіне арналды. Қатысушылар дайындық процесінде тікелей қолдануға болатын практикалық ұсыныстар мен пайдалы гайдтар алды: оқу уақытын жоспарлау мен жеке кестені құрудан бастап, материалды меңгерудің тиімді тәсілдерін таңдауға дейінгі мәселелер қамтылды.
Шеберлік сабағының форматы жаңа ақпарат алып қана қоймай, оқуға түсуге, емтиханға және мамандық таңдауға байланысты нақты сұрақтарды талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай практикaлық тәсіл болашақ талапкерлерге алдағы кезеңдерде дұрыс бағдар алуға және дайындықтың жеке стратегиясын алдын ала құруға көмектеседі.
ALT Университеті үшін мұндай білім беру бастамалары — болашақ студенттерге жақынырақ болудың және оларға оқуға түскенге дейін-ақ кәсіби болашағына алғашқы қадамдар жасауға көмектесудің тамаша мүмкіндігі.
ALT Университеті FM Online ұйымына бірлескен жұмысы мен кәсіби бағдарлау бастамаларын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Мектеп оқушылары мен болашақ талапкерлерді қолдауға бағытталған бұл серіктестік пайдалы білім беру форматтарын жасауға және жастарға оқудың келесі кезеңіне дайындалу үшін практикaлық құралдар ұсынуға мүмкіндік береді.
Автор: Алия Ерлан


