ALT Университеті жаһандық білім беру кеңістігіндегі серіктестік аясын кеңейтуді жалғастыруда. Біз АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Michigan State University (Мичиган штатының университеті) университетімен академиялық ынтымақтастық туралы Бас келісімге қол қойғанымызды мақтанышпен хабарлаймыз!
Бұл маңызды қадам білім мен ғылым интеграциясын нығайтуға, сондай-ақ біздің студенттеріміз бен оқытушыларымыз үшін жаңа халықаралық мүмкіндіктер ашуға бағытталған.
Келісім аясында келесі бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар жоспарлануда:
- 📚 Оқу және ғылыми материалдармен, жарияланымдармен және академиялық ақпаратпен алмасу;
- 👩🏫 Оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің тәжірибе алмасу бағдарламалары;
- 🔬 Білім және ғылым саласындағы бірлескен зерттеулер мен ғылыми кездесулер өткізу;
- 💻 Электрондық оқыту медиа-ресурстарын, соның ішінде кредиттік және кредиттік емес курстарды бірлесіп құру және ілгерілету;
- 🎓 Студенттермен алмасу бағдарламаларын дамыту.
Ынтымақтастықты үйлестіру және жүзеге асыру үшін ALT Университеті тарапынан жауапты тұлға болып «Жылжымалы құрам» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ғалымжан Қуанышбайұлы Әшірбаев тағайындалды.
Біз бұл серіктестік екі жоғары оқу орны үшін де жемісті болып, отандық ғылым мен білімнің дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз!
📍 Жаңалықтарды бақылап отырыңыздар, алда үлкен жобалар күтіп тұр!
Автор: Сарина А. А.


