Select Page

2026 жылғы 12 қыркүйекте Мухамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде университеттің серіктесі — OKBolashak ұйымымен бірлесіп ата-аналар мен оқушыларға арналған кездесу өтті. Бұл кездесу болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін университетке түсу, білім беру бағдарламалары және ALT Университетінің студенттеріне ашылатын мүмкіндіктер туралы шынайы ақпарат алудың бірегей алаңына айналды.

Іс-шара барысында қатысушыларға университет, дайындық бағыттары, оқу процесінің ерекшеліктері мен оқуға түсу шарттары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын болашақ білім беру бағытын таңдау кезінде толғандыратын ең өзекті сұрақтарға ерекше назар аударылды.

Кездесудің орталық тақырыптарының бірі Ұлттық бірыңғай тестирлеуге (ҰБТ) дайындық болды. Мамандар емтиханның негізгі кезеңдерін, маңызды мерзімдері мен даталарын түсіндіріп, дайындық барысында көңіл бөлу қажет басты сәттерді атап өтті.

Сонымен қатар, білім беру бағдарламасын таңдау мәселесіне жеке тоқталды. Өйткені университетке түсу — бұл ҰБТ-ны сәтті тапсыру ғана емес, сонымен бірге кәсіби болашаққа жасалған алғашқы маңызды қадам. Оқушыларға мамандық таңдау кезінде оның еңбек нарығындағы сұранысын гана емес, сонымен бірге жеке мүдделерін, қабілеттері мен мақсаттарын ескерудің қаншалықты маңызды екені түсіндірілді. Мамандық таңдаудағы саналы тәсіл болашақ туралы айқын түсінік қалыптастыруға және студенттің өз әлеуетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Кездесудің маңызды бөлігі университет өкілдерімен ашық диалог түрінде өтті. Ата-аналар мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқуға түсу, білім беру бағдарламалары, оқу процесін ұйымдастыру және студенттік өмір туралы толық әрі өзекті жауаптар алды.

Мұндай кездесулер болашақ талапкерлерге университет ортасымен алдын ала танысуға, маңызды ақпаратты бірінші ауыздан алуға және білім алу бағытын таңдау сияқты жауапты шешімді нық сеніммен қабылдауға мүмкіндік береді.

ALT Университеті мектеп оқушыларымен, ата-аналармен және білім беру серіктестерімен өзара іс-қимылды жүйелі түрде дамытып, болашақ студенттерді кәсіби бағдарлау мен ашық диалог үшін барлық жағдайды жасайды.

ALT Университеті OKBolashak ұйымына ынтымақтастығы мен кездесуді бірлесе ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Біз болашақ талапкерлерді қолдауға бағытталған бұл серіктестікті жоғары бағалаймыз және жаңа білім беру бастамалары мен бірлескен жобаларға әрқашан ашықпыз.

Автор: Алия Ерлан

Skip to content
Приемная комиссия