Select Page

2025 жылғы 28 мамырда Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің Құрылтайшысы Серикова Гульзана Бейбітқызы бастаған делегация Ресей көлік университетінің (РУТ) басшылығымен ресми кездесу өткізді.

Делегация құрамына Директорлар кеңесінің төрағасы Сериктеги Арслан Бейбитулы, корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі Проректор Андрей Александрович Иванов және маркетинг және PR офисінің Жетекшісі Қалиқанов Ринат Думанұлы кірді.

Сапар аясында кампус-тур ұйымдастырылып, оның барысында университет өкілдері РУТ-тың материалдық-техникалық базасымен танысты.

Кездесудің маңызды нәтижесі – Ниеттер туралы хаттамасына қол қойылуы болды. Бұл құжат тараптардың академиялық ұтқырлықты дамыту және бірлескен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде қос және үш дипломды бағдарламаларды іске асыру бағытында ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысын бекітті.

Жасалған келісім екі елдің білім беру жүйелерін интеграциялау жолындағы маңызды қадам болды және тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулер мен инновациялық дамуға кең мүмкіндіктер ашады.

Skip to content
Приемная комиссия