Қарттар – біздің асыл қазынамыз.
Бұл – ата жолын жалғап келе жатқан ақcақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерейлі шақ.
Осы қазан айында біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел – қазыналы ел.
Ал осындай қазыналы қарттарымызды құрметтеу, олардан үлгі алу –
ұрпақтарының міндеті.
Осы орайда 2024 жылдың 14 қазан күні М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің Президент-Ректоры Салтанат Нұрәділқызының бастауымен Қарттар күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 30 дан аса Академия ақсақал Ардагерлері шақырылып, қысқаша өткен оқу жылының қортындылары баяндалып, болашақ жоспарлар айтылды.
Ардагерлерді салтанатты түрде күтіп алудан басталған кештің көңілден шыққан көңілді әңгімелері көпті серпілтіп, тамылжыған әндермен жалғасын тапты. М.Тынышбаевтың 145 жылдығына орай арнайы медальдармен марапатталды. Кәсіподақ басшысы ардагерлерімізге көмек ретінде азық-түлік алу үшін сертификаттар тапсырды.
Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына – сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.
Әрқашан Амандықта болыңыздар ALT Университетінің ардақты Ардагерлері.…