Select Page

Қарттар – біздің асыл қазынамыз.

Қазыналы қарттарымызды құрметтеу, олардан үлгі алу – ұрпақтарының міндеті.  

Қарттар күні мерекесіне арналған құттықтауымызды Университетіміздің Атақты Ардагері өз өмір жолында  қарапайым оқытушыдан бастап Академия Ректорына(АлИИТ) дейін қызмет жасаған Ізбасар Сәкетұлы Қарабасов ағамызбен жалғастырдық.

Бұрынғы АлИИТ(Алматы теміржол инженерлері институы) болып ірге тасы қаланған бүгінгі М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің Басқарма Төрайымы — Ректор Меруерт Советқызы Жармағамбетова бастап проректорлар мен Кәсіподақ төрағасын көргендегі Ардагер ағамыздың қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Абыз Ағамыз теміржолшылардың бірнеше буынына «теміржолшы мамандығы — ең құрметті мамандық» – екенін түсіндіріп,  сенімділікке тәрбиеледі және тәрбиелеп  келеді!

Осындай еңбегі еленіп І.С. Қарабасов ағамыздың омырауына Ректор Қазақстан Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясының «Қазақстан Жоғары Мектебінің еңбек сіңірген қайраткері» медалін тағып, иығына Қазақтың қадірлі шапанын жапты.

Әрқашан Амандықта болыңыздар ALT Университетінің ардақты Ардагерлері….

 

Skip to content
Приемная комиссия