2026 жылдың 28-29 қазанында Көлік жоғары оқу орындары арасында өткен VI «KAZLOGISTICS» спартакиадасына ALT Университетінің студенттері қатысып, спорттың бірнеше түрі бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Аталған спартакиада аясында университет құрамасы шахмат, үстел теннисі, волейбол және футбол спорт түрлері бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша ALT Университетінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, екі спорт түрінен жүлделі орындарға ие болды:
- Футболдан – I орын;
- Волейболдан – II орын.
Университет намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға қол жеткізген спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!
ALT Университеті – спортпен бірге, жеңіске бірге!
Автор: Төке С. Т.


