Select Page

2025 жылдың 8 мамыры мен 14 маусымы аралығында өткен Қазақстан Республикасының XIII жазғы Универсиадасына еліміздің 70-тен астам жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысты. Ауқымды спорттық дода 17 түрлі спорт түрінен ұйымдастырылды.

Осы беделді жарыста М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің студенттері де белсенділік танытып, үстел теннисі, баскетбол және футбол бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Бұл – университетіміздің жас спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап отырғанының айқын дәлелі.

ALT Университеті – болашақ чемпиондар мен спорт көшбасшыларын тәрбиелеуге ниетті білім ордасы. Универсиадаға қатысу – тек жарыс емес, бұл жастардың бірлігі, рухы мен елге деген адалдықтың жарқын көрінісі.

Білім мен спорт — үйлесімді дамудың кепілі!

Жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Skip to content
Приемная комиссия