Select Page

22 тамыз күні «М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ базасында «Alageum Electric» ЖШС басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар серіктестіктің перспективалық бағыттарын талқылап, инженерлік кадрларды даярлау және заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу саласындағы бірлескен жобаларды дамыту туралы келісімге келді.

Тараптар техникалық мамандықтар студенттеріне өндірістік практика мен тағылымдамалар ұйымдастыру, мастер-класстар мен қонақ дәрістер өткізу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларға бірлесіп қатысу мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар студенттердің практикалық даярлығын арттыру мақсатында заманауи электротехникалық шешімдерді білім беру бағдарламаларына енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша «М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ мен «Alageum Electric» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың стратегиялық әріптестікті дамытуға, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және саланың білікті мамандарын даярлауға қолдау көрсетуге ниетті екенін бекітті.

Меморандумға қол қою университет пен өнеркәсіп секторы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болып, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Skip to content
Приемная комиссия