2025 жылдың 17 желтоқсанында «Жылжымалы құрам» кафедрасы «Көлікті ресурстар үнемдеу: Болашаққа бағыталған стратегиялар» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді. Іс-шара БҰҰ-ның 12-ші Тұрақты даму мақсаты – «Жауапты тұтыну және өндіріс» мақсатын іске асыруға арналды.
Семинар G006 аудиториясында модератор – ALT қауымдастырылған профессор Ибадуллаев Файзулла Абдуллаұлының жетекшілігімен өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары:
- Көлік саласында ресурстарды үнемдеу үшін инновациялық технологияларды енгізу.
- Жылжымалы құрамның тұрақты дамуының ұзақ мерзімді стратегиялары.
- Академиялық қоғамдастықтың көлік секторын экологияландыруға қосқан үлесі.
Семинарға қатысушылар саланың болашағы және экологиялық бастамаларды іске асырудағы жас мамандардың рөлі туралы пікір алмасты.


