Select Page

2026 жылғы 26 наурызда «Language Education» кафедрасының ассистент-оқытушысы Н.Б. Досмағанбетова 87-ағын студенттерімен бірге БҰҰ-ның ТДМ 4 «Сапалы білім» мақсаты аясында «Are you good at English?» зияткерлік ойынын өткізді. Шараның басты мақсаты — студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, коммуникативтік дағдыларын интерактивті форматта дамыту.

Ойын барысында қатысушылар түрлі жұмбақтар шешіп, грамматикалық сұрақтарға жауап берді және Kahoot онлайн платформасы арқылы өз білімдерін сынады. Интерактивті формат студенттердің топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және сыни ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, шет тілін меңгеруге деген үлкен ынталарын көрсетті.

Skip to content
Приемная комиссия