28-29 тамыз күндері университет қабырғасында 1-курс студенттеріне арналған Бейімдеу апталығы табысты өтті!
Жаңа студенттер ALT Университетінің ішкі құрылымымен, оқу үрдісімен, университеттің миссиясы мен құндылықтарымен танысты.
Ректор, проректорлар, институт директорлары мен оқытушылар құрамы студенттермен кездесіп, алдағы оқу жылы туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Әр институт өз саласына тән ерекшеліктер мен мүмкіндіктерді таныстырып, студенттердің болашақ мамандығы жайлы түсінігін кеңейтті.
Шара барысында студенттер бір-бірімен жақынырақ танысып, қызықты интерактивтерге қатысты. Бұл — болашақта бірлікпен білім алудың іргетасы!
ALT Университеті — тек білім орны ғана емес, үлкен мүмкіндіктер алаңы. Жаңа студенттерімізге сәттілік пен шабыт тілейміз!