Select Page

2026 жылғы 24 қазанда М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің базасында COUNSELING DAY ALMATY 2026 білім беру және кәсіби бағдар беру көрмесі өтті.

Іс-шара аясында талапкерлер мен олардың ата-аналары Қазақстан және шетел университеттерінің білім беру бағдарламаларымен танысып, оқуға түсу талаптары мен шәкіртақы мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Көрмеге келушілерге мынадай мүмкіндіктер ұсынылды:

  • болашақ мамандықты таңдауда кәсіби бағдар берушілерден көмек алу;
  • College Counselors мамандарынан оқуға түсу мәселелері бойынша жеке кеңес алу;
  • IELTS және SAT халықаралық емтихандарына дайындық туралы ақпарат алу;
  • сарапшылардың баяндамаларына (Expert Sessions) қатысу;
  • Networking аясында мектептер, университеттер және білім беру саласының өкілдерімен пікір алмасу.

Көрменің басты ерекшелігі — білім беру саласындағы жетекші сарапшылардан тегін жеке кеңес алу мүмкіндігі болды.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, пайдалы ақпарат алуға және болашақ талапкерлердің алдағы білім алу бағытын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Көрме Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсатына (ТДМ 4) — «Сапалы білім» қол жеткізуге үлес қосты. Кәсіби бағдар беру бойынша кеңестер, білім беру бағдарламаларымен танысу және оқуға түсу талаптары туралы ақпарат қатысушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және алдағы білім алу жолын анықтауға қосымша мүмкіндік берді.

Skip to content
Приемная комиссия