2026 жылғы 10 ақпанда Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті Гонконгтан келген делегацияны қабылдады. Делегация құрамына консулдық өкілдері мен мектеп оқушылары кірді.
Құрметті қонақтардың қатарында білім беру жөніндегі вице-консул Хуан Лэй, консул-атташе Цзинь Си, сондай-ақ жетекші мұғалімдер мен оқушылар болды. Кездесу аясында қонақтарға таныстыру кампус-тур ұйымдастырылып, университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми бағыттары және материалдық-техникалық базасы көрсетілді.
Қонақтар заманауи зертханаларға, цифрлық технологияларға және инновациялық білім беру жобаларына ерекше қызығушылық танытты. Оқушылар университеттің академиялық мүмкіндіктерімен жан-жақты танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қазақстанда білім алу перспективалары туралы ақпарат алды.
Бұл кездесу ALT Университеті мен Гонконгтың білім беру ұйымдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және академиялық байланыстарды дамытуға маңызды қадам болды.


