2026 жылғы 11 қарашада Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университетінде студенттер мен оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды насихаттауға және халықаралық академиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ауқымды білім беру іс-шарасы — Huawei ICT Competition Roadshow семинары өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын іске асыру аясында бұл іс-шара ерекше маңызға ие болды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономиканы цифрлық трансформациялауды, жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді, жоғары технологиялық инфрақұрылымды дамытуды және білікті мамандар даярлауды елдің одан әрі дамуының негізгі стратегиялық басымдықтары ретінде атап өтті. Атап айтқанда, Президент жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономикаға көшудің қажеттілігін атап өтіп, білімді әрі креативті қазақстандық жастардың әлеуетін ашудың маңыздылығына тоқталды.
Президент айқындаған басымдықтарды қолдау, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында (ТДМ №4 «Сапалы білім» — жоғары білім сапасын арттыру, цифрлық сауаттылықты дамыту, заманауи IT-құзыреттерді қалыптастыру және халықаралық білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету. ТДМ №9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» — инновациялық технологияларды, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, жасанды интеллектіні және цифрлық экономиканы дамытуға ықпал ету. ТДМ №8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» — сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың жоғары технологиялық салаларда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту.) ALT Университетінің «Телекоммуникациялар» департаменті Huawei компаниясымен бірлесіп, студенттер мен оқытушыларды Huawei ICT Competition халықаралық олимпиадасына қатысуға тарту, практикалық IT-дағдыларын дамыту және Huawei ICT Academy халықаралық білім беру платформасының мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында аталған іс-шараны ұйымдастырды. Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті Huawei ICT Academy халықаралық білім беру бағдарламасының ресми серіктесі болып табылады. Бұл ынтымақтастық студенттер мен оқытушыларға заманауи оқу материалдарына, мамандандырылған курстарға, халықаралық сертификаттау бағдарламаларына және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіби жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық аясында студенттер IT-индустрияның перспективалы бағыттарын, соның ішінде телекоммуникациялық желілерді, бұлтты технологияларды, жасанды интеллектіні, киберқауіпсіздікті және заманауи желілік шешімдерді меңгеруге мүмкіндік алады. Huawei ICT Competition Roadshow іс-шарасының өткізілуі университет пен Huawei компаниясы арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтудағы және халықаралық білім беру экожүйесін дамытудағы кезекті маңызды қадам болды.
Ұйымдастырушылар мен серіктестер
Іс-шараны ALT Университетінің телекоммуникациялар департаменті сениор лекторы Қасым Р.Т. және оқытушы ассистенті Бейбіт Е.Ә. бастамасымен, департамент басшысы, қауымдастырылған профессор Мусапирова Г.Д. жетекшілігімен, Huawei компаниясының Huawei ICT Academy қолдау орталығы өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырды. Университет пен индустрия өкілдерінің бірлескен жұмысы іс-шараның мазмұнды бағдарламасын қамтамасыз етуге, цифрлық технологияларды дамытудың өзекті бағыттарын таныстыруға және қатысушыларға Huawei компаниясының білім беру және кәсіби бастамаларымен тікелей танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шараға қатысушылар
Huawei ICT Competition Roadshow іс-шарасына Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар Huawei ICT Competition халықаралық байқауының құрылымы мен бағыттары, тіркелу шарттары, қатысу ережелері, өткізу кезеңдері және бағалау критерийлері туралы толық ақпарат алды. Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздар үшін ашылатын мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды. Олардың қатарында халықаралық деңгейде танылу, кәсіби даму, тағылымдамадан өту, жетекші технологиялық компаниялардың өкілдерімен тәжірибе алмасу және халықаралық мансап құру перспективалары бар. Сонымен қатар қатысушылар Huawei ICT Academy білім беру мүмкіндіктерімен, заманауи оқу платформаларымен және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін сертификаттау бағдарламаларымен танысты.
Қорытынды және перспективалар
Huawei ICT Competition Roadshow іс-шарасының өткізілуі университет пен халықаралық технологиялық бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуда, сондай-ақ жоғары білім беруді цифрлық трансформациялау міндеттерін іске асыруда маңызды қадам болды. Іс-шара жаңа буын мамандарын даярлауда академиялық білімді, халықаралық білім беру бағдарламаларын және жетекші IT-компаниялардың практикалық тәжірибесін интеграциялаудың маңыздылығын көрсетті. Мұндай бастамалар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында жасанды интеллектіні, цифрлық экономиканы, инновациялық инфрақұрылымды және адами капиталды дамытудың мемлекеттің стратегиялық даму бағыттары ретінде айқындалуына байланысты ерекше маңызға ие.
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты дамытуды, Huawei ICT Academy мүмкіндіктерін кеңейтуді және Қазақстанның цифрлық әрі инновациялық дамуына үлес қоса алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырады. Бұл бастамалар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ №4, ТДМ №8 және ТДМ №9) мақсаттарына сәйкес келеді.
Автор: Серік Ш. С.


